Гонконгта Alatau City жобасы таныстырылды
Жаңа экономикалық өсу орталығының таныстырылымы Гонконгта өткен Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстелінде жасалды. Онда Alatau City-дің арнайы құқықтық режимі, инвесторларды қолдау шаралары, сондай-ақ қаржы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, Web3-индустриясы және инновациялық инфрақұрылымдағы мүмкіндіктері айтылды. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли-мен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, қаржы және технология салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Іс-шара аясында 6 келісімге қол қойылды.
Қол қойылған келісімдер
ANT Digital Technologies (Alipay жүйесі) – финтех жобаларына инвестиция салуға қызығушылық білдірді.
Solana Foundation – Web3 технологиялары мен блокчейн саласында ынтымақтастық орнатты.
Dasco Capital және Templewater – Қазақстан мен Орталық Азияға инвестиция салу үшін бірлескен қор құруға уағдаласты.
Сонымен қатар цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы жетекші корпорациялармен тағы бірнеше меморандумға қол қойылды.
Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін атап өтіп, бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға қолдау білдірді.
Бұл сапар Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін халықаралық аренада таныстырудағы маңызды кезең болды. Жасалған келісімдер қала аумағында стратегиялық жобаларды іске асыруға, жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық серіктестерді тартуға жол ашады.
