SteppeNews.kz: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жыл сайын миллионнан астам турист келеді. Демалыс маусымы қызған шақта көлік ағыны еселеп артып, соның салдарынан Бурабай кентіндегі екінші бақылау-өткізу пунктінде (БӨП) ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды ұлттық парктің мәліметіне сілтеме жасап.

Парк әкімшілігі бұл жағдайдың техникалық ақауларға немесе қандай де бір шектеулерге қатысы жоқтығын, тек еліміздегі ең танымал туристік бағытқа келушілердің тым көптігінен екенін түсіндірді. Осыған байланысты демалушыларға қайтар жолды алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалану ұсынылады.
«Парк әкімшілігі келушілерден көлік жүктемесін ескеруді және қайту бағытын алдын ала ойластыруды сұрайды. Аумақтан кезексіз әрі жылдам шығуға мүмкіндік беретін бірнеше балама жол бар», — деді ұлттық парк директорының орынбасары Венера Нұғманова.
Шығу жолдарының сипаттамасы:
-
Бірінші БӨП: «Астана – Көкшетау» тас жолына шығарады. Бұл бағыт елордаға немесе солтүстік өңірлерге бет алғандар үшін қолайлы.
-
Үшінші БӨП: «Щучинск» шипажайы кенті арқылы өтеді және курорттық аймақ ішіндегі көлік кептелісін реттеуге көмектеседі.
-
Төртінші БӨП: «Балдәурен» балалар орталығы арқылы өтіп, негізгі шығу жолындағы жүктемені азайтуға септігін тигізеді.
Сондай-ақ ұлттық парк басшылығы кіру ақысын Kaspi және Halyk қосымшалары, халықаралық төлем карталары немесе қолма-қол ақша арқылы төлеуге болатынын еске салды. Бұл өткізу пункттеріндегі күту уақытын айтарлықтай қысқартады.
Әкімшілік өкілдері бағытты дұрыс таңдау саяхаттың жайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғи парктің инфрақұрылымына түсетін салмақты азайтатынын атап өтті.
