SteppeNews.kz: Грузияның Ішкі істер министрлігі Имеретия аймағында есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен екі шетелдікті қолға түсірді. Олардың бірі — Қазақстан, екіншісі — Украина азаматы, деп хабарлайды SteppeNews.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме беріп.
Грузиялық тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталғандардың екеуі де 2008 жылы туған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер есірткі заттарын сатып алу, сақтау және оны аса ірі көлемде өткізумен айналысқан.
Тінту жұмыстары кезінде олардан көп мөлшерде метадон және оны буып-түюге арналған материалдар табылды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, Грузия заңнамасына сәйкес, аталған қылмыс түрі үшін 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

