SteppeNews.kz: «Медиа экспедиция: Алматы фокуста» көктемгі журналистика мектебінің екінші күнінде құпия қонақтың есімі белгілі болды. Ол — мотоциклмен әлемнің 175 елін аралап, миллион шақырымнан астам жолды бағындырған саяхатшы Дмитрий Петрухин.

Дмитрий Петрухин өзінің үлкен сапарын 2000 жылы бастаған. Ол әлемді көру үшін пәтерін сатып, ешқандай демеушісіз, өз күшімен жолға шыққан. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде ол Қазақстан туын жер шарының ең шалғай нүктелерінде желбіретіп, Олимпиада алауын мотоциклмен алып өткен тарихтағы тұңғыш байкер атанды.
Шара дәстүрлі форматта емес, еркін кездесу ретінде басталды. Оқушылар алдымен саяхатшымен оның мотоциклінің қасында танысып, естелік суретке түсті. Жиын залында Дмитрийдің экспедициялары туралы бейнеролик көрсетіліп, саяхатшы жол қиындықтары мен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, пікір алмасу болды. Сұрақ-жауап кезеңінде ерекше белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Талапкерлер үшін саяхатшымен кездесу үлкен өмірге қадам басар алдындағы рухани азық болды. Әлемді тануға деген құштарлық пен кәсіби ізденіске жаңа серпін берді.

