SteppeNews.kz: Алматыдағы №79 гимназияның 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венада өткен жаһандық форумда әлемдегі ең үздік үш жас өнертапқыштың қатарына енді. Оқушы соңғы екі жылда қазақстандық білім беру саласының халықаралық деңгейдегі өкіліне айналып, оның жобалары әлемдік ұйымдардың жоғары бағасын алып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеді.
Дана Қадырбек 2024-2025 жылдары Kazakhstan Smart Space халықаралық конкурсында жүлдегер атанып, инженерия саласындағы қабілетін көрсетті. Одан бөлек, АҚШ-тағы Olympiad USA математика олимпиадасында 2-орынды иеленіп, Индонезияда өткен YISF байқауында жеңіске жетті. Оның ғылымдағы негізгі бағыты ауадан су алу технологиясына негізделген.

2025 жылдың шілдесінде Сеулде өткен WICO дүниежүзілік жастар ғылыми олимпиадасында Дана алтын медаль алды. Ол атмосферадан су жинауға арналған алюминий фумараты негізіндегі металл-органикалық қаңқалы құрылымдардың синтезін жасап шықты. Бұл құрылғы тіпті құрғақшылық аймақтарда ауыз су өндіруге мүмкіндік береді.
2026 жылдың сәуірінде Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде UNIDO ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 шарасы өтті. Осы форумда Дана Қадырбектің жобасы жоғары бағаланып, ол әлемнің ең үздік үш жас өнертапқышының қатарынан көрінді.

