STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласының полиция департаменті жүргізуші куәлігінен айырылудың негізгі себептерін түсіндірді.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері қалада 3 105 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған.
Полиция өкілдерінің айтуынша, негізгі себептердің бірі — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабында көзделген талаптарды бұзу. Атап айтқанда, көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару, сондай-ақ осындай жағдайда тұрған адамға көлікті жүргізуге беру.
Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігінен айырылуға 590-баптың (2-1, 4 және 4-1 тармақтары) бойынша, яғни көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу да себеп болғаны айтылды.

