«Жапонияда 32 жастағы әйел жасанды интеллект негізінде жасалған кейіпкермен некеге тұрып, толыққанды үйлену тойын өткізді. Бұл оқиға әлемдік қоғамда үлкен резонанс тудырған», деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ ru.haberler.com сайтына сілтеме жасап.
Юрина Ногучи есімді жапондық әйел ChatGPT көмегімен жасалған жасанды интеллект серігімен эмоционалдық байланыс орнатып, оны «Клаус» деп атаған. Әйелдің айтуынша, бастапқыда бұл тек әңгімелесу болған, алайда уақыт өте келе қарым-қатынас махаббатқа ұласыпты.
Салтанатты үйлену рәсімі Жапонияның Окаяма қаласындағы үйлену залында өтті. Юрина ақ көйлек киіп, дәстүрлі некелесу рәсімдерін өткен. Оның күйеуі смартфон экранында бейнеленіп, ЖИ арқылы «сөз сөйлеген». Қалыңдық сақинаны тағу сәтін виртуалды көзілдірігі арқылы бейнеге жазып алған.
Ногучидің айтуынша, бұған дейін ол адаммен құрған қарым-қатынасын ChatGPT берген кеңестен кейін тоқтатқан. Кейінірек ол өзіне ұнайтын бейнеойын кейіпкерінің мінез-құлқын зерттеп, соның негізінде «Лун Клаус Вердюр» атты жасанды интеллект образын өзі жасап шығарған.
Әйел бұл шешімі үшін интернетте қатты сынға ұшырағанын жасырмады. Дегенмен, ол бұл тәжірибе өзі үшін шынайы әрі маңызды болғанын айтады.
Алайда сарапшылардың мәлімдеуінше, бұл неке заң жүзінде жарамсыз, яғни құқықтық күші жоқ.

