STEPPENEWS.KZ: Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүргізуші куәлігінің мерзімі алдағы 4 жылда аяқталатын азаматтар құжатты шұғыл ауыстыруы тиіс деген ақпарат кең тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.
Мамандардың айтуынша, жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Құжат тек жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ғана жаңартылады. Бұл ретте ешқандай қосымша емтихан тапсыру немесе жаңа талаптарды орындау қажет емес.
Сондықтан негізсіз қауесеттерге сенбей, тек ресми ақпаратқа жүгінген жөн. Қазіргі қолданыстағы ережелер бойынша бәрі бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.
Яғни, куәлігіңіздің мерзімі әлі бітпесе — алаңдауға себеп жоқ.

