STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда Roblox платформасын бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Roblox-қа қолжетімділікті шектеу немесе платформаны бұғаттау жөнінде ешқандай шешім қарастырылып жатқан жоқ. Вице-министр онлайн-платформаларға қатысты заңнамалық өзгерістерге де түсініктеме берді.
«Алдын ала айта кетейін, 16 жасқа дейінгі қолданушыларды тіркеуді шектеу мәселесі талқылануда. Алайда заңнамаға сәйкес, Roblox онлайн-платформа санатына жатпайды. Сондықтан бұл нормалар қабылданған жағдайда да Roblox-қа әсер етпейді», – деді ол.
Сондай-ақ Евгений Кочетовтың айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігіне немесе басқа мемлекеттік органдарға Roblox-қа қатысты ата-аналардан ресми шағымдар түспеген. Осыған байланысты платформа бұрынғы режимде жұмысын жалғастыра береді.
Осылайша, қазіргі таңда Roblox-тың Қазақстан аумағында бұғатталуы немесе шектелуі жоспарланып отырған жоқ

