STEPPENEWS.KZ: Қалада маусымдық мұз айдындарын іске қосуға дайындық басталды. Қазірдің өзінде 6 айдынға мұз құйылып жатыр, ал қалған нысандарда дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Биыл қыста алматылықтар қаланың әр ауданында орналасқан 11 тегін мұз айдынында сырғанауы мүмкін:
- Алатау ауданы – «Алматы Арена» мұз сарайы
- Бостандық ауданы – «Тұңғыш Президент» саябағы
- Бостандық ауданы – Назарбаев даңғылынан батысқа қарай, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан сквер
- Медеу ауданы – «Республика» сарайы
- Медеу ауданы – «Халық Арена» мұз сарайы
- Медеу ауданы – «28 панфиловшы» саябағы
- Наурызбай ауданы – Аудан әкімдігі аумағы
- Түрксіб ауданы – «С.Сейфуллин» атындағы саябақ
- Жетісу ауданы – «Kokjiek Garden» саябағы
- Жетісу ауданы – «Гүлдер» саябағы
- Алмалы ауданы – «ҚБТУ» автотұрағы
Мұз айдындары барлық дайындық жұмыстары аяқталған соң кезең-кезеңімен ашылады.
Қазіргі таңда Тұңғыш Президент саябағында және Ганди көшесіндегі Тұңғыш Президент қоры саябағында мұз айдындары жұмыс істеп тұр.
Тілші: Сая ЖАНСЕИТ

