Белгілі вокалист AYREE екінші баласын дүниеге әкелді. Ол бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі оқырмандарына жеткізді.
Әртіс қызының 1 қарашада дүниеге келгенін айтты. 33 жастағы AYREE Instagram-дағы парақшасында әсерлі сторис салды – төсекте жатқан, анасы мен әкесі қолынан ұстап тұрған нәрестенің иллюстрациясын жариялады.
«Аллаға шүкір. Қош келдің, қызым. Әкең екеуміз сені ұзақ күттік. Ғұмырлы, бақытты бол», — деп жазды әнші.


