Синоптиктер 4 қараша күні Қазақстанның 11 облысында дабылды ескерту жариялады. Ел өңірлерінде бұрқасындату, қар жауу, ауа температурасының күрт төмендеуі, желдің күшеюі мен көктайғақ күтіледі, деп мәлімдейді «Қазгидромет».
Астанада кей уақытта қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыс желі солтүстікке ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 8–10 градус аяз болады.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қалың қар жауады. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз жел солтүстіктен 15–20 м/с соғады. Петропавлда солтүстік желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысында және Қарағанды қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Күндіз жаңбыр жауып, тауларда қалың қар жауады. Қонаевта солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с жетеді.
Жетісу облысының батысы мен орталығында түнде жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Күндіз кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі. Талдықорғанда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қызылордада түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ байқалады.
Жамбыл облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, таулы аймақтарда қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с, кейде 25 м/с дейін күшейеді. Таразда тұман түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15–20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы күрт төмендеп, +3…+8°C, солтүстігі мен тауларда шамамен 0°C болады. Шымкентте қатты жауын-шашын, тұман түседі, солтүстік-батыс желі 15–20 м/с, күндіз +3…+5°C. Түркістанда тұман түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз +3…+5°C.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман басады.
Атырау облысының батысы мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.

