Қазір Қазақстанның 958 азаматы шетелде әртүрлі қылмыстар үшін жазасын өтеп жүр. Ең көбі – көрші Ресейде. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, сотталған адамды Қазақстанға әкелу үшін оның жеке келісімі қажет. Келісімі болмаған жағдайда оны елге алып келу мүмкін емес.
«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта Қазақстанның 958 азаматы шетелде өз жазасын өтеп жатыр. Оның көбі, 700-ден астамы – Ресей Федерациясында. Олардың арасында Қазақстанға жазасын өтеуге келгісі келмейтіндер бар. Себебі олардың отбасы, жақын туыстары сол жақта. Сондықтан сол жақта қалып жазасын өтегісі келеді», — дейді Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында.

