— Салаларды экономикалық қызмет деп қарастырсақ, онда жасанды интеллект ықпалын тигізетін салалар біркелкі емес. Қазіргі кезде генеративті жасанды интеллект мультимодалдық моделдердің арқасында күнделікті өмірдегі жұмыста пайдаланатын қызметтерді алмастырып жатыр. Бірақ, салалық тұрғыда қарайтын болсақ, әрине бұл жерде 2 фактор бар, — деді ол BIZDIÑ ORTA подкастында.
Оның айтуынша, бірінші фактор мекемелердің жасанды интеллектіні жұмысына енгізуге дайындығының барына не жоқтығына байланысты. Ал екіншісі — қаржылық мәселе.
— Экономикада жұмыс өнімділігі өте төмен, қол еңбегі өте жоғары салалар бар. Ол жерде жасанды интеллект рөлі төмен болады. Алдағы орта және ұзақ мерзімде де төмен болу мүмкін. Яғни, жасанды интеллектіге негізделген инновацияларды енгізу құны қарапайым адамның қол еңбегіне төленетін құннан жоғары сақталады. Ал мемлекеттік қызмет, ақпарат және байланыс, қаржы, ІТ салаларында жасанды интеллект ықпалы өте жоғары. Себебі жасанды интеллект жасайтын қызметтердің басым бөлігі негізінен осы салаларда шоғырланған, — деді Мадияр Алдияров.
Айта кетейік, Жасанды интеллект министрлігі жаңа логотипін таныстырды.