Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
— Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр, олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр, — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Айта кетелік 2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады.