— Жаңа технологиялар шыққан кезде, соны танып-білуге ұмтыламын. Бірақ, сол технологияны асықпай игерген де дұрыс сияқты. Егер адам өз өміріне риза болса, жұмысын смартфонсыз немесе ChatGPT көмегінсіз толыққанды атқарса, жасанды интеллектіге жүгіну қажет емес. Қызметіңде «жасанды интеллектіні міндетті түрде пайдалан» деп мәжбүрлемесе, онда өзіңіздің құзыретіңіз бен біліміңіз арқылы ары қарай жүре беруге болады ғой?! Бұл тұрғыда міндетті түрде қолдану керек деген қағида жоқ, — деді Т. Бектұр.
Оның айтуынша, өз қабілеті жеткілікті адамдарға, үнемі білімін жетілдіріп жүргендерге ChatGPT-ді пайдалануға мәжбүрлеу керек емес.
— Дегенмен, жасанды интеллектіні пайдаланып жүргендер баршылық. Бұл адамдар уақытын үнемдеу үшін осыны пайдаланып жатқанын түсінеміз, — деді IT сарапшы.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Қазақстанда өндіріс саласына жасанды интеллекті енгізуді көздейтін Жол картасы бекітілді. https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-ondrs-salasina-zhasandi-intellekt-engzud-kozdeytn-zhol-kartasi-bektld-b117f6/
Жақында, мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды.