Спортшылар 12 нысанда 23 спорт түрінен бақ сынайды. Ойындардың жоғары деңгейде өтуін және командаларға, БАҚ өкілдері мен көрермендерге жайлылық қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған.
Әрбір спорт нысанында ақпарат орталықтары, БАҚ өкілдері жиналатын пункттер, баспасөз залдары мен медициналық бөлмелер бар.
Жарысқа дайындық барысында әр спорт түрінің ерекшелігі ескеріліп, халықаралық стандартқа сай спорттық және басқа да жабдықтар орнатылды.
ІІІ ТМД ойындары 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзірбайжанның 7 қаласында өтеді. Олар Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкенди. Ашылу және жабылу салтанаты Гянджа қалалық стадионында өтеді. Екі шара да жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.
Бұған дейін ІІІ ТМД ойындарының бойтұмары көрсетілген болатын.