Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.
М.Нұртілеу әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті. Өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды.
Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.
Кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті. Тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.
Еске сала кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрі Пәкістан Президентімен кездесіп, соңғы жылдары қол жеткізген екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өткен болатын.