— Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.
Бақытжан Шаймұхаметұлы 1966 жылғы 25 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған.
Білімі:
1988 ж. – Қазақ ауыл шаруашылығы институты;
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы;
2006 ж. – Экономика және құқық академиясы.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1988-1992 жж. – Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Электр және жылу энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану» кафедрасында лаборант, ассистент, аға оқытушы;
1992-1993 жж. – Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігінің құрылыс бөлімінде маман, бас маман;
1993-1997 жж. – Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігінің экологиялық инспекциясы бөлімінің бастығы;
1997–1998 жж. – Алматы қ. Әуезов ауданы әкімі аппаратының эколого-санитарлық инспекциясы бөлімінің бастығы;
1998-2008 жж. – Алматы қ. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары;
2008-2012 жж. – Алматы қаласы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы;
2018-2019 жж. – Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы – мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор;
2019-2020 жж. – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
2020-2023 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінде мемлекеттік инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2023 жылғы 22 қыркүйектен – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі.
Айта кетейік, бұған дейін Ернар Баспаев Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.