Құрылыс барысымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр танысты.
Делегация құрамында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және мердігер компания өкілдері болды. Оқу орны Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында салынуда.
— Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы үй-жайлар, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған, — деп жазды Туризм және спорт министрлігінен.
Екінші кезеңде ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимараты, 1 000 орындық жатақхана, медициналық-сауықтыру орталығы, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусы және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы биылғы жылға межеленген.
Тексеру қорытындысы бойынша вице-премьер спорт нысанына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жеткізу желілерін уақытылы тарту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, елімізде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттың құрылысы басталды.

