— Министрлік жасанды интеллектіні дамыту бойынша үш негізгі бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл тұрғыда жасанды интеллекті саласында кадр даярлау, ғылыми зерттеулер және қазақ тілін дамыту үшін жасанды интеллектіні қолдану ескерілген. Негізгі міндетіміз — жоғары білімді жасанды интеллекті дәуірінің талаптарына бейімдеу. Осы бағытта нақты нәтиже бар. Қазір 30 жоғары оқу орны жасанды интеллекті бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр, — деді С. Нұрбек Мәжілістегі парламенттік тыңдау кезінде.
Оның айтуынша, 2025 жылдан барлық білім беру бағдарламасына жасанды интеллектіні пайдалану қызыреті енгізіліп, мемлекеттік стандарт өзгертілді. Қазірдің өзінде 95 жоғары оқу орны білім беру жоспарларына жасанды интеллект пәндерін енгізді.
— Профессорлық-оқытушылық құрамның 54 пайызы жасанды интеллекті бойынша курстардан өтті. Келер жылы толық қамтимыз… Студенттерді оқыту жоспарлары ұлттық компаниялармен және жетекші кәсіпорындармен бірлесіп әзірленді. Бұл бағдарламалар әлемдік технологиялар трендтеріне сәйкес келеді, — деді министр.
Айта кетейік, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жасанды интеллектіні дамытуға арналған парламенттік тыңдауда білім беру саласындағы ЖИ қызметін заңмен реттеу қажеттігін атап өтті.