Олардың заңсыз әрекетінен келген шығын 20 млн теңгеден асады.
— Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәріздес қылмыс құралдары, сондай-ақ сойылған малдар сияқты заттай айғақтар тәркіленді.
Тәркіленген мүлік қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жасалғанын дәлелдейді. Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген, — делінген хабарламада.
Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта олардың облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетелік жыл басынан мал ұрлығы қай өңірлерде көп екені анықталды.