— Балам әскерде, Аллаға шүкір, бір айдан кейін келеді. Күтіп отырмыз. Әрине, әскерде болып жатқан жағдай бәрімізді алаңдатады. Баласын әскерге жіберу кез келген ата-ананың міндеті деп ойлаймын. Бір жыл бұрын осы мақсатпен баламызды әскерге жібердік. Меніңше, Қорғаныс министрлігі міндетті түрде әскерде болып жатқан жайттарға мұқият қарап, қорытынды шығару тиіс. Яғни, әскерге реформа қажет болып отыр, — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысы алдында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, соңғы бірнеше жылдың ішінде әскери бөлімдерде реформа жасалып, жүздеген камералармен, басқа да құрылғылармен жабдықталды.
— Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз. Ең алдымен әскер әкімшілігі міндетін адал әрі дұрыс атқаруы тиіс. Мұнан бөлек, жаңадан келген жас сарбаздарға мұқият қарау керек. Өйткені, олардың психологиялық жағдайы кейде нашар болып келеді. Жылдан жылға жас сарбаздардымыздың психологиялық жағдайы, психологиялық көңіл-күйі өте нашар, — деді Наталья Дементьева.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың өзінде бірнеше сарбаз қаза тапты. Мәселен, 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады. 19 мамырда Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасында мерзімді әскери қызметші бактериалды менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды.