Түрік қорғаныс компаниясы «ASELSAN» Ыстанбұлдағы «TEKNOFEST» фестивалінде «Болат күмбез» тәжірибе алаңын құрып, келушілерге әуе қауіптеріне қарсы жүйенің қалай жұмыс істейтінін тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.
Бес күнге созылатын технология және авиация фестивалі «TEKNOFEST» сәрсенбі күні Ыстанбұлда Ататүрік әуежайында басталды. Іс-шараны Түркия технология командасы (T3) қоры мен Түркияның Индустрия және технология министрлігі ұйымдастырып жатыр.
Фестиваль аясында технологиялық жарыстардан бастап әуе көрсетілімдеріне дейін көптеген іс-шара өтіп жатыр.
Сондай-ақ «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесінің әртүрлі құрамдас бөліктері де көрмеге қойылған. Заманауи технологиялар арқылы «Болат күмбездің» құрамдас бөліктерінің қауіпке қарсы қалай төтеп беретіні көрсетілді.
Биыл фестиваль аясында 58 негізгі шара және 137 қосымша санат қамтылған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар білімі мен тәжірибесін көрсетіп, технологияны дамытуға үлес қосып келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия Индонезияға 48 отандық жойғыш ұшағын экспорттайтыны туралы жаздық.