Алғашқы жеңістер мен жаңа есімдер
Қызылорда облысында маусымның ашылуы өтті. Жарысқа 1200-ден аса бала қатысып, 236 медаль сарапқа салынды. Жаңақорған және Қазалы аудандары көш бастап, ұлттық финалға лайық деңгей көрсетті.
— Мен Қамшыбек Қоңқабаев сияқты болғым келеді. Мен үшін AUYL SPORT — үлкен спортқа алғашқы қадам, — дейді жас спортшылардың бірі.
Серіктестік пен қолдау
Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры бастамасымен жүзеге асқан жобаға Қазақстан бокс федерациясы мен Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетіп жатыр.
— AUYL SPORT — бір реттік турнир емес, шынайы платформа. Біз бапкерлер дайындап, спорт залдарын жаңартып, балаларға бұрын болмаған мүмкіндікті ұсынамыз, яғни ауыл мектептерінде үлкен спортпен айналысуға жол ашамыз, — дейді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов турнирдің басты мақсаты мен биылғы жоспарлар жайлы пікірінде.

Ауылдан әлемге
AUYL SPORT жобасы былтыр ғана басталса да, алғашқы нәтижесін көрсетіп те үлгерді. 12 мыңнан аса ауыл баласы турнирлерге қатысып, көпшілігі республикалық және халықаралық жарыстарға жолдама алды.
2025 жылдың көктемінде жобаның тәрбиеленушілері Қазақстанға әлемдік аренада алғашқы медальдарын сыйлады. Бұл — ауыл чемпион тәрбиелей алатынын дәлелі.

Болашаққа жоспар
2025 жылы жобаның ауқымы кеңейеді: турнирлер елдің барлық өңірінде өтеді. Ұйымдастырушылардың мақсаты — AUYL SPORT-қа 10 мыңнан аса мектеп оқушысын тарту.

Қорытынды
AUYL SPORT — жай ғана жарыс емес, балаларға арманға жол ашатын және жаңа чемпиондар буынын қалыптастыратын қозғалыс.
Ал бұл жолдың бастауы — ауыл.
Еске сала кетейік, былтыр жаңа жыл қарсаңында Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі мәресіне жетіп, республикалық турнирдің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңға жинаған еді.