Түрмедегі тәртіпсіздік екі топ арасындағы қақтығыстан болған. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 03:00 шамасында тұтқындар айқай салып, оқ атқан.
Бұл қылмыста 17 адам қаза тапты дегенмен, түрмеде әлі де құрбандар болуы мүмкін.
Ал биыл 22 қыркүйекте Эквадордың оңтүстік-батысындағы түрмеде болған тәртіпсіздікте кем дегенде 14 адам қаза тауып, тағы 14 адам жараланған.
Соңғы жылдары Эквадорда түрме дағдарысы орын алып отыр. Ресми деректерге сәйкес, 2021 жылдың ақпан айынан бері топтық зорлық-зомбылық 600-ге жуық тұтқынның өмірін қиған.
Айта кетейік, Эквадорда жүргізушілер ереуілінен кейін бірнеше провинцияда төтенше жағдай енгізілді.