Президент директивасы Вашингтонның Бас прокуроры мен округтік прокурорына АҚШ астанасындағы аса ауыр қылмыстардың алдын алу және жазалау үшін федералды өлім жазасы туралы заңдарды толығымен орындауды тапсырады, деп хабарлайды Ақ үйдің баспасөз қызметі.
Құжатта федералды прокурорлар істің мән-жайын анықтайтын болса, Колумбия округінде өлім жазасына кесілуі керектігі айтылған. Сонымен қатар, Бас прокурор мен округ прокурорына Вашингтонда өлім жазасы қарастырылған қылмыс үшін федералды юрисдикцияны барынша арттыру тапсырылды.
Кейбір саясаткерлердің, заңгерлік сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың қарсылығына қарамастан, президент Трамп 14164-ші Жарлыққа қол қойып, қызметтегі алғашқы күнінен бастап федералды өлім жазасын дұрыс басқаруды қалпына келтіруді басты міндет етіп қойды.
— Колумбия округінің соңғы жылдардағы салиқалы саясаты тұрғындардың, келушілердің және федералды мекемелердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қылмыстың өсуіне әкелді. 2024 жылы Вашингтондағы кісі өлтіру көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 27,3 болды — бұл Нью-Йорктен алты есеге жуық, тіпті Атланта, Чикаго және Комптон көрсеткіштерінен де жоғары,-делінген жаңа жарлық құжатында.
Трамп әкімшілігі «ел астанасы, Вашингтонды бақылауға алып, оны қылмыстан барынша тазартып, әлемдегі ең көрікті астанаға айналдыруға» уәде берді.
— Вашингтонда кісі өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесіледі. Адам немесе полиция қызметкерін, құқық қорғау қызметкерін өлтірген адамдыды күтетін жаза — өлім, — деді Трамп меморандумға қол қойғаннан кейін.
Наурызда президент Трамп ауданның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің санын көбейту және қаланың инфрақұрылымын жақсарту үшін жұмыс тобын құрды.
Бұған дейін АҚШ-та кінәсіз 38 жыл түрмеде отырған адамға 25 млн доллар өтемақы төленеді.