Оған 7 жылға дейін рөлге отыруға тыйым салынды.
Облыс орталығында №17 бағытта келе жатқан «ZHONG TONG» автобусының жүрісі полицейлердің күдігін туғызған. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, тексеру жүргізген. Медициналық сараптама нәтижесінде 55 жастағы автобус жүргізушісінің қанында алкогольдің бары анықталды.
Автобустағы жолаушылар мен жол бойындағы басқа да жүргізушілердің өміріне қауіп төндірген азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралын мас күйінде басқару») жауапкершілікке тартылды.
Сот айыпталушыны 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Бостандыққа шыққаннан кейін де ол көлік жүргізе алмайды.
Таяуда Павлодар қаласында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан 7 адам зардап шекті.