Қазақстандық Самирхон Абабакиров тізімде алғашқы орнын сақтап қалды. Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр.
ҚР ҰОК мәліметінше, сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді. Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады.
Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді.
Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды.