Бұл – шұғыл жағдайда науқасқа көмектесудің жаңа тәсілі. Науқастың өміріне қауіп төнген кезде диспетчер қоңырауды үзбей, оны ұстап тұру режиміне ауысады, яғни тұтқаны қоймайды. Осылайша, жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін диспетчер шақырушыға қолдау көрсетіп, кеңес береді.
— Жаңа жүйенің жұмыс істеу тәртібі қарапайым, науқастың жағдайы ауыр деп бағаланса, диспетчер телефон тұтқасын қоймай, шақырушыға алғашқы көмек көрсету жөнінде кеңес береді, мысалы, дем алдыру, қан тоқтату, жүрекке жанама массаж жасау тәсілдері және т.б. жасауға септеседі. Бұл кеңестер жедел жәрдем жеткенге дейінгі алтын уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін бұл режим бірнеше рет қолданылды. Нәтижесінде, бригада келгенге дейін науқасқа дұрыс көмек көрсетіліп, адам өмірін сақтап қалуға ықпал етілді, — дейді мамандар.
Орталық жұмысына жаңашылдықты енгізбес бұрын диспетчерлер арнайы курстан өткен. Олар шұғыл жағдайда телефон арқылы көмек көрсетудің тәртібі мен тәсілдерін меңгерді.
Бұған дейін Жамбыл облысында медицина қызметкеріне тіл тигізген ер адамға айыппұл салынғанын жазған едік.