Кореяның орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы бұл туралы өткен демалыс күндері парламент отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
— Егер АҚШ ядролық қарусыздандыруға деген бос құмарлығынан бас тартса және шындықты мойындай отырып, Солтүстік Кореямен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылуға дайын болса, АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауға ешқандай себеп болмайды, — деп келтірді Yonhap агенттігі Солтүстік Корея көшбасшысының сөзін.
Америка басшысымен соңғы рет 2019 жылы кездескен Ким былай деп қосты:
— Менің президент Трамп туралы жақсы естеліктерім бар.
Оңтүстік Кореямен қарым-қатынас туралы айта келе, Солтүстік Корея басшысы Сеулмен келіссөз үстеліне ешқашан отырмайтынын және Пхеньян оңтүстікпен бірігуге ұмтылмайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония үшжақты әскери жаттығуды бастағанын жазған болатынбыз.
Бес күндік Freedom Edge жаттығулары 15-19 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының шығысы мен оңтүстігіндегі халықаралық су айдындарында өтеді.