Сондай-ақ мәлімдемеде Газа секторындағы жағдайға байланысты аймақтардан балаларды эвакуациялаудың қашан жүзеге асырылатыны белгісіз екені, алайда қазір үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған.
Пациенттердің тізімін жүргізетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен іріктеу жұмыстары тығыз ынтымақтастықта жүргізіліп жатыр. Үкімет таңдалған балалар мен олардың отбасы мүшелері қауіпсіздік тексеруінен өтетінін айтады. Келгеннен кейін олар баспана алу рәсімдеріне өтуі тиіс.
— Үкімет жұмысты ұйымдастыру және тасымалдау шығындарын өтейді. Ал медициналық шығындарды балаларды қабылдайтын Швейцария кантондары немесе ауруханалар өз еріктерімен көтереді, — деп қосты департамент.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадан эвакуациялау үшін шамамен 19 000 пациентті тіркеді. Оның 4 мыңы бала. Олардың көбінде денсаулығына қауіп төндіретін жарақаты бар немесе жергілікті деңгейде емдеуге келмейтін аурулармен ауырады.
Тамыз айында Швейцария Сыртқы істер министрлігі Газаға ауқымды гуманитарлық көмек қажет екенін мәлімдеді.