Бұл шешімге үкіметтің ұсынысын Социал-демократиялық партия қолдағаннан кейін қол жеткізілді.
Келісім Тарту қаласындағы түзеу мекемесінде 400 орынға дейін пайдалану мүмкіндігін қарастырады, бұл шамамен 600 тұтқынды орналастыруға мүмкіндік береді. Алғашқы сотталғандарды 2026 жылдың жазында көшіру жоспарланған.
Бұл шешім Швециядағы түрмелерде орын тапшылығы туындауына байланысты қабылданды. Себеп – ауыр қылмыспен күрес аясында ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазаларының көбеюі. Швецияның түрме және пробация қызметі мен кәсіподақтар орын тапшылығы қызметкерлер мен сотталғандар үшін елеулі қауіп төндіретінін бірнеше рет ескерткен болатын.
Социал-демократиялық партия өкілдері шетелден түрме орындарын пайдалану шешімін жалпы сәтсіз деп бағалап, жаңа түрмелердің құрылысына жедел кірісуге шақырады.
Олардың пікірінше, үкімет Швеция аумағында жаңа түрмелер салу ісін белсенді жүргізуі тиіс. Бұл тек қылмыстық-атқару жүйесі үшін ғана емес, сонымен қатар швед азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашу үшін де маңызды болмақ.
Сонымен қатар, партия уақытша шешімдердің қажеттілігін де мойындайды.
Швецияның әділет министрі Гуннар Стрёммер Швеция мен Эстония адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы ортақ қағидаларды ұстанатынын атап өтті. Оның айтуынша, тұтқындарды лайықты жағдайда ұстауға қатысты барлық кепілдіктер қамтамасыз етілген.
Бұған дейін хабарланғандай, қатерлі ісік Швециядағы өлім-жітімнің негізгі себебіне айналды.