Абай облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 қыркүйек күні Семейде су құбырларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Соған орай барлық мектепте сабақ қашықтан өтеді.
— Екі ауысымдағы оқушылар бір күнге онлайн форматқа көшіріледі, — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында жасөспірімдер жасырын діни сабақтарға тартылғаны хабарланған. Полицейлер жатақхана ретінде пайдаланылған үй-жайларды тексеру барысында шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдары тапқан.