– Егер бастапқы сараптама қорытындысы күмән тудырса, бұл жағдайда сіз құқық қорғау органына немесе сараптаманы тағайындаған органға дәлелді негіздемемен жүгініп, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындауды сұрай аласыз. Сот сараптамасын жүргізу мерзімі заң бойынша 30 күнтізбелік күн, – деді спикер журналист сауалына жауап бере отырып.
Сондай-ақ журналистер сот сараптамасының нәтижесі дәлел ретінде танылмауы мүмкін бе деген қосымша сұрақ қойды.
– Сарапшының қорытындысы дәлелдемелердің бірі ғана. Оған баға беретін сот немесе сараптаманы тағайындаушы орган, ол өзінің ішкі сеніміне сүйеніп шешім қабылдайды. Егер сараптама нәтижесі мойындалмаса, сот шешім қабылдайды, ал кейбір жағдайларда сарапшыға қатысты жеке ұйғарым шығаруы мүмкін, – деп нақтылады Бақытжан Байтілесов.
Еске сала кетейік, ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті азаматтарды алаяқтардың заңсыз әрекеттеріне қатысты ескертті. Соңғы уақытта өзін сот орындаушысы ретінде таныстырып, министрліктің эмблемасын заңсыз пайдаланатын жағдайлар жиілеген.