Тағылып отырған айыпқа сәйкес, Джорджеску мен тағы 21 адам ұлттық қауіпсіздік пен елдің конституциялық құрылымына қауіп төндіруді жоспарлаған.
Джорджеску кінәлі деп танылса, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылады.
Күдіктілердің бірі – Хорациу Потра. Прокурорлардың мәліметінше, ол 7 желтоқсанда Джорджескумен кездескеннен кейін әскери топ құрған.
Оған дейін Румынияның Конституциялық соты президент сайлауының алғашқы турының нәтижелерін жойған болатын.
Прокуратураның мәлімдемесінде Потра құрған қарулы топ елді арандатып, қақтығыс ұйымдастыруға талпынған.
Румын БАҚ-тарының хабарлауынша, Потра былтыр 8 желтоқсанда қарулы адамдар тобымен бірге Бухарестке бара жатқан жолда ұсталған. Кейін ол полицияға өзі келеді деген шартпен босатылған, алайда елден қашып кеткен.
Румынияның бас прокуроры Алекс Флоренцаның сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Потраның қайда жүргені белгісіз екенін, сондай-ақ оның Ресейден баспана сұрауға талпынғанын жектізді. Сондай-ақ Флоренца экс-кандидаттың Facebook пен TikTok секілді платформалардағы жалған, арандатушы ақпарат таратушы компанияларды пайдаланғанын жеткізді.
Джорджеску биыл мамырда қайта өткен сайлауға қатысу құқығынан айырылған. Қайта сайлауда проеуропалық кандидат Никушор Дан ультраоңшыл Джордж Симионнан басым түсіп жеңіске жетті. Осыдан кейін Джорджеску саясаттан кететінін мәлімдеді.