Ұсынылған заң жобалары пакеті 2025 жылғы бюджет туралы заңға түзетулерді, 2026 жылға және 2027-2028 жылдарға арналған федералдық бюджет жөніндегі заң жобасын, сондай-ақ Бюджет және Салық кодекстеріне жекелеген өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын қамтиды.
Хабарламада ҚҚС өсімінен түсетін қаражат ең алдымен қорғаныс пен қауіпсіздікті қаржыландыруға бағытталатыны айтылған.
Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар барлық тауарлар үшін (азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер, балаларға арналған тауарлар және басқалары) ҚҚС-тың жеңілдетілген 10% мөлшерлемесі сақталатыны көрсетілген.
Заң жобасы қабылданған жағдайда, Салық кодексіне енгізілетін түзетулер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қаржы сарапшыларының бағалауынша, ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бастамасы Ресей бюджетіне жыл сайын қосымша 1 трлн рубль әкелмек.
Айта кетейік, ЕО Ресейдің «Мир» төлем жүйесіне қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр.