Қазіргі Бас хатшы Антониу Гутерриштің өкілеттік мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Сол жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшы қызметіне кандидат ұсынуы тиіс. Жаңа Бас хатшы 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз міндетіне кіріседі.
— Қазіргі таңда БҰҰ қиын жағдайда тұр. Мен БҰҰ-ды қайтадан маңызды ете аламыз деп сенемін. Егер сіз қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтың өсуі алаңдатады деп айтсаңыз, бірақ сонымен қатар басқа нәрселерге назар аудара берсеңіз, бұл – екіжүзділік, – деді Гросси БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте өткен кездесуде.
Оның айтуынша, бүгінде БҰҰ әлемде бейбітшілікті сақтау міндетін орындай алмай отырғанын «бәрі мойындайды». Осыған байланысты аргентиналық саясаткер МАГАТЭ басшысы ретінде жинаған тәжірибесі бұл қызметке сайлануына көмектесетініне сенім білдірді.
Гросси сонымен қатар, барлық тараппен диалог жүргізуге және барлыққа қолайлы араағайын болуға ұмтылатынын айтты.
Айта кетейік, Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.