Ақпаратқа сәйкес, аппарат күн энергиясымен жұмыс істейді. Арнайы параболалық рефлектор күн сәулелерін фокустап, оларды оптоволоконды кабель арқылы балқу нүктесіне жеткізеді. Құрылғыны жасаған Ай алыс ғарыш зерттеу зертханасының (DSEL) мамандарының айтуынша, мұндай жүйе 1000 градус температураға дейін қызады және күн сәулесін 3000 есе күшейтеді. Бұл Айдың бетінде жатқан ұсақ тастар мен топырақ — реголитті балқытып, оны берік кірпіштерге айналдыру үшін жеткілікті.
Айда құрылыс материалдарын тікелей өндіру ғалымдар үшін Айдағы тұрақты инфрақұрылымды құрудың басты шарттарының бірі болып табылады. Бұл әдіс Жерден тасымалдау шығындарын барынша азайта отырып, жолдар, қону алаңдары мен станция элементтерін салуға мүмкіндік береді.
Құрылғының соңғы нұсқасын жасау алдында инженерлер түрлі жасанды Ай топырағы қоспаларымен ауқымды сынақтар жүргізіп, аппараттың Айдағы нақты жағдайда жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге тырысқан.
Таныстырылған прототип Қытайдың Халықаралық Ай зерттеу станциясын құру бағдарламасының бөлігі екені айтылды. Бұл жобаның мақсаты — 2035 жылға дейін Айдың оңтүстік полюсінде су мұзы қорлары табылған аймаққа базалық кешен салу. Құрылыс жобасының екінші, кеңейтілген кезеңі 2040 жылдары жоспарланған. Осы ұзақ мерзімді Айды игеру жоспарын жүзеге асыру үшін Айда автономды құрылыс жүргізуге арналған технологияларды дамыту, оның ішінде Айда кірпіш жасау зауытын құру, аса маңызды болып отыр.
Алғашқы кезеңде Айда базалық кешен салу жоспарланған, бұл 2035 жылға дейін жүзеге асырылуы тиіс. Кейінірек, 2040 жылдары станция кеңейтіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін қытайлық ғалымдар ғарышқа арналған кір жуғыш машина жасап шығарған еді.