— Агроөнеркәсіп кешенінің басты мақсаты – өнімді уақытылы сатып, қоймаларды жаңа астыққа босату. 2024-2025 маркетинг жылында 13 миллион 300 мың тонна астық тасымалданып, 45 пайызға өсті. Оның ішінде 10 миллион 300 мың тонна экспортқа және 3 миллион тонна республика бойынша жеткізілді. Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл, өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың арқасында мүмкін болды, — деді Нұрлан Сауранбаев.
Биыл болжам бойынша 24 млн тонна астық бастырылады.
Осы ретте Премьер-министр астықты егіс алқабынан тиісті жеріне дейін жеткізуді жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.