«Халық Арена» спорт кешенінде өткен әлем біріншілігіне 23 елден 250-ден астам жас спортшы қатысты.
Жекпе-жекте татамиге шыққан әскери қызметшілер алтын мен күміс медаль еншіледі.
— Офицер-мерген лейтенант Дархан Жорағұл 97 келі салмақта алтын иеленсе, 88 келі салмақта топ сержанты — дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержант Азамат Асылбекұлы екінші сатысынан көрінді, — делінген ақпаратта.
Дархан Жорағұл Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүрген кезден бері спортпен шұғылдана бастады. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жастар арасындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Сержант Азамат Асылбекұлы қоян-қолтық ұрыстан 4 дүркін ел чемпионы, Қазақстан Кубогы және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы.
Сондай-ақ батуттық гимнастикадан қазақстандықтар Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды.