Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, салтанатты іс-шараға New York Film Academy президенті әрі CEO-сы Майкл Янг, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Ашылу рәсімі кинематографиялық сипатта өтіп, көпшілік қонақтарды ерекше «съемка дублі» қойылымымен қарсы алды. Іс-шара барысында студенттер мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин сөз сөйлеп, жаңа оқу орнының аймақ үшін мәдени және шығармашылық маңызын атап өтті. Қонақтар кампусты аралап, кітапхана, дәрісханалар, дыбыс жазу және монтаж студияларын, сондай-ақ Dala Edge шығармашылық кеңістігінің мүмкіндіктерін көрді.

Күннің екінші жартысында студенттер мен қатысушылар үшін тәжірибелік шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оларды халықаралық деңгейдегі мамандар өткізді. Олардың қатарында режиссер әрі NYFA оқытушысы Роб Пьетри, актер және импровизация шебері Марк Мочаби, AR және ойын технологиялары бойынша сарапшы Кевин Кейтон, продюсер әрі режиссер Майкл Хсюэ, белгілі клипмейкер және кинорежиссер Ладо Кватания, қазақстандық кинопродюсер Қуаныш Бейсек, Голливуд стандарттарында жұмыс істейтін сценарист Гүлжан Токтогул, режиссер әрі Unreal Engine маманы Болат Ақназар, визуалды эффектілер сарапшысы Денис Вежновец, қазақстандық сценаристер Санат Шапашов пен Сергей Литовченко, сондай-ақ NYFA оқытушысы, актер Тодд Бруно болды.
New York Film Academy Қазақстанда таланттарды іздейтінін жазған болатынбыз.
Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады.
Маңғыстау өңірінің тумасы Барлық Мұңалбайұлы өз ортасының назарын Аустралияда алған жүлдесімен аударған болатын.
Қазақстандық мобилографтар New York Film Academy-да оқуын бастады.