Бұл – Қазақстанда алғаш рет электропойыз ішінде ұйымдастырылып отырған театрландырылған бағдарлама. Балалар мен ата-аналар сүйікті кейіпкерлерімен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті ойындарға қатыса алады.

— Сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің бейнесіндегі әртістердің қойылымы күтеді. Бағдарлама интерактивті элементтерге толы болып, балалар мен ересектерді ертегідей атмосфераға жетелейді. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады, — делінген ақпаратта.
Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда өтеді.

Пойыз «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша (Астанадан 60 км) қатынайды. Бағдарламаның ұзақтығы – 2 сағат.
Айта кетейік, 100-ден астам қазақстандық «Jibek Joly» туристік пойызымен жолға шықты.