Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық маман жиналады.Олардың арасында нейромодуляция саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары болады: Konstantin Slavin (АҚШ), Andres Lozano (Канада), Harith Akram (Ұлыбритания), Shiro Horisawa (Жапония), Robert Levy (АҚШ), Atilla Yilmaz (Түркия), Marc Russo (Аустралия) және басқалар.
Халықаралық нейромодуляция қоғамы штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, нейрохирург дәрігерлерді, невропатологтарды, әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерді біріктіретін халықаралық ұйым болып саналады. Ұйым мүшелерінің саны-3000-нан астам адам.
Қазақ нейромодуляция қоғамы осы конгресті 2024 жылы өткізуге өтінім беріп, Алматыда осы іс-шараны өткізу құқығын сәтті жеңіп алды.
Мұндай деңгейдегі іс-шара Қазақстанда да, бұрынғы КСРО аумағында да және бүкіл Орталық Азия өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр.
Конгресте нейромодуляцияның ең өзекті технологиялары – нейростимуляторларды имплантаттау арқылы неврологиялық ауруларды емдеу – нерв жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі жұмысын өзгертетін арнайы құрылғылар, соның ішінде әйгілі Илон Масктың NeuraLink жобасы және ұқсас Brain Computer Interface жобалары талқыланады.
Конгрестің шеңберінде нейромодуляцияның негізгі мәселелері – жұлынның нейростимуляциясы, ми стимуляторларын бағдарламалау, электродтарды жоспарлау, интраоперациялық нейромониторинг бойынша әлемнің жетекші мамандарынан мастер-кластар өткізіледі.
Айта кетейік, Қытайда жаңа буындағы нейрокомпьютер таныстырылды.
95 жылдық тарихы бар ҚР Президенті іс басқармасы Медицина орталығы ұлттық госпиталінің нейрохирургия бөлімшесінде білікті жастардың қатары аз емес. Соларды бірі – Рауан Айтелі. Жас дәрігер медицина қызметкерлері күні қарсаңында Kazinform агенттігінің тілшісіне мамандығының ерекшелігі туралы айтып берді.