Оның сөзінше, компания Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын енгізуді жоспарлап отыр. ChatGPT студенттер мен оқытушылар үшін жеке тәлімгер әрі оқыту көмекшісі ретінде қызмет атқарады.
Миллс Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұл жиынға америкалық ірі компаниялардың басшылары — яғни «өнеркәсіп алыптары» жиналды.
Іс-шара барысында Миллс ChatGPT жүйесін елдегі жоғары оқу орындарына енгізу идеясын ұсынды. Президент бұл бастаманы оң қабылдап, OpenAI компаниясы Қазақстан билігімен диалогты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты.