Қазақстан Азия бойынша үшінші орынды иеленіп, бақыт деңгейі жоғары елдер қатарынан берік орын алды. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі және сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі сияқты критерийлер бойынша жоғары бағаланды. Бұл Қазақстанда өмір сүру сапасы мен экономикалық даму қатар жүріп жатқанын көрсетеді.
2025 жылғы Азиядағы ең бақытты елдер рейтингі
1. Тайвань
2. Сингапур
3. Қазақстан
4. Вьетнам
5. Таиланд
6. Жапония
7. Филиппин
8. Оңтүстік Корея
9. Малайзия
10. Қытай
Оңтүстік-Шығыс Азияда бақыт деңгейі артып келеді
• Сингапур аздап төмендегенімен (2-орын), жоғары өмір сүру деңгейі мен тиімді мемлекеттік басқаруымен әлі де алдыңғы қатарда.
• Вьетнам пен Таиланд – аймақтағы берік мәдени байланыс пен ортақтық сезімі сақталған елдер.
• Ханой, Хошимин және Бангкок сияқты қалалар тұрғындардың оң көзқарасына үлкен әсер етеді.
• Филиппин мен Малайзия да тұрақты әлеуметтік және мәдени құндылықтарымен үздік ондыққа енді.
Ал Жапония мен Оңтүстік Корея рейтингте әлі бар, бірақ орындары төмендеген. Бұған себеп ретінде — қоғамда дарашылдықтың артуы, бірге тамақтану дәстүрінің сиреуі және адамдар арасындағы қарым-қатынастың әлсіреуі айтылған.
Еске сала кетейік, наурыз айында ТМД ішінде Қазақстан ең бақытты ел ретінде танылған болатын.