— Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркқа жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Көлік-логистика, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық тұрғыдан маңызды салаларды қамтитын бұл құжаттар еліміздің экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды көздейді, — делінген хабарламада.

Мұндай келісімдер «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Қазына», ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазМұнайГаз», Amazon Kuiper, International Finance Corporation, Lummus Technology, Exxon Мobil, Chevron, LanzaJet және Wabtec, сондай-ақ АҚШ-тың экспорт-импорт банкі сияқты компаниялар мен қаржы ұйымдары арасында жасалды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында Дональд Трамппен сөйлесті.
Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі.