BOOKFEST жыл сайын мыңдаған оқырманның басын қосып, елдің мәдени-ағартушылық өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Фестиваль бағдарламасына мыналар кіреді:
-
үздік кітаптардың жеңілдікпен сатылуы;
-
сыйлықтар мен тосынсыйлар ұтыстары;
-
отандық және шетелдік авторлармен кездесу сессиялары;
-
танымал кәсіпкерлермен ашық сұхбаттар;
-
шеберлік сағаттары, дәрістер және автограф-сессиялар.
BOOKFEST – тек кітап сатып алу емес, түрлі жастағы және әртүрлі қызығушылығы бар адамдарды біріктіретін нағыз кітап мерекесі.
– Біз үшін маңыздысы – әлемдік кітаптарды оқырманға ұсыну және қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру. BOOKFEST оқу мәдениетін дамытуға, отандық авторларды қолдауға және әдебиетті кең аудиторияға насихаттауға бағытталған. Кітаптар адамдарға шабыт беріп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз, – деді Meloman/MARWIN өкілі Диана Исабекова.
Өтетін мерзімі: 2025 жылғы 1–31 қазан
Өтетін орны: Meloman/MARWIN дүкендер желісінің барлық дүкендері
Ақпарат үшін: 8 701 720 19 85, 8 771 166 46 46, Instagram: @melomankaz
Еске сала кетейік, BOOKFEST кітап фестивалі Meloman/MARWIN желісі тарапынан 2020 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде Қазақстандағы ең ірі кітап индустриясына айналды. Жыл сайын фестиваль оқырмандарды, авторларды, баспагерлерді және кәсіпкерлерді біріктіріп, диалогқа, білім алмасуға және оқу мәдениетін ілгерілетуге арналған кеңістік қалыптастырады.
Айта кетейік, жақында Астанада дәстүрлі «KitapTime — 2025» республикалық кітап фестивалі өтті.