Олар имплантология мен хирургияның даму бағытын өзгертіп, замнауи технологияларды қазақстандықтарға қолжетімді етеді.
Ғылыми топтың бастамасымен биосәйкестігі жоғары полимер-тоқымалы композиттерді жасау жобасы іске қосылды. Жаңа әзірлемелер іс жүзінде қолдануға бағытталған. Әсіресе, олар түтікті сүйектер мен бас сүйектеріне арналған импланттар өндірісінде қолданылмақ.

Зерттеушілер атап өткендей, технологияның басты артықшылығы – аддитивті өндіріс немесе 3D-баспа әдісі. Бұл тәсіл күрделі пішіндерді аса жоғары дәлдікпен, автоматтандырылған деңгейде жасауға мүмкіндік береді.
Композиттердің құрамына нақты медициналық мақсаттарға бейімдеу үшін түрлі қоспаларды араластыруға болады.
– Біздің мақсатымыз – тиімді әрі қолжетімді, сонымен бірге әрбір науқастың жеке қажеттілігіне сай бейімделетін биоактивті материалдарды өндірудің әмбебап әдісін қалыптастыру, – дейді жоба жетекшісі.
– Адам сүйек тініне ұқсас композиттік құрылымның арқасында мұндай импланттар төмен жылуөткізгіштігімен және жоғары беріктігімен ерекшеленеді.

Жоба аясында ерекше көңіл 12 жасқа дейінгі балаларға арналған краниопластикаға, сондай-ақ түтікті сүйектерді остеосинтездеуге қажетті қапсырма мен импланттарды әзірлеуге бөлінген. Барлық материалдар олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеу үшін кең көлемді биологиялық сынақтардан өтеді.
– Біздің өнімдеріміздің барша қазақстандықтарға қолжетімді боларына сенеміз, – дейді жобаның тең жетекшісі.
— Технологияның қарапайымдылығы мен үнемділігі еліміздің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ инновациялық материалдарды көршілес елдердің нарығына шығарауға да жол ашады.
Еске салсақ, астаналық ғалымдар ауаға тараған көмірқышқыл газын сіңіріп алатын ерекше батпақ ойлап тапты.