Айта кетейік, 16 қыркүйекте Наманган облысына жұмыс сапарымен барған Шавкат Мирзиёев Нарын ауданындағы «Шурарик» махаллясының жай-күйімен танысты.

Тиісінше, Өзбекстан басшысы инфрақұрылымы күйреп тұрған мекеннің әкімін сынға алып, оған әкімдік ғимаратын тастап, аталған махалляның ескі нысанына көшуді тапсырды.

Сондай-ақ, оған осы аумақта түнеп, мәселені толық шешуді жүктеді. Осыған байланысты аудан әкімі кеңсесін «Шурарик» махаллясындағы контейнерге ауыстырды.
Еске салайық, Өзбекстанда мұндай әдіс 2021 жылдан бері қолданылып келеді. Бұған дейін Шавкат Мирзиёев бірнеше аудан әкіміне контейнерде тұрып, аумақтың мәселесін шешуді тапсырған болатын. Мұндай әдіс халық арасындағы негізгі түйткілдерді көзбен көріп, оны жүйелі шешу үшін қолданылады.
Бұған қоса, көлік кептелісінде ұзақ тұрған Өзбекстан президенті таяуда Ішкі істер министін сынға алған еді.